Павлодар облысының Белоусовка ауылында орталықтандырылған су құбыры іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының Белоусовка ауылында орталықтандырылған су құбыры іске қосылды

19.10.2022

Павлодар облысы Успенка ауданы, Белоусовка ауылында орталықтандырылған су құбыры іске қосылды. Үйлеріне сапалы ауыз су барған тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 400 миллионнан астам бюджет қаржысына салынған жаңа нысан былтыр қабылданғанымен, 10 ай бойы босқа тұрғаны жайлы бұған дейін жаңалықтарымызда айтқан едік. Артынша жергілікті әкімдік мердігер компанияның жұмысын қатаң бақылауға алған. Нәтижесі сол, айналасы бір аптаның ішінде орталық магистральге су жіберілді. Қазір ауылдағы 113 үйдің 97- не ауыз су барып тұр.

Аманжол Аятбек, Белоусовка ауылының тұрғыны:

Кешеден бастап су енді үйде бар. Су кіріп тұр. Су келгеніне рахмет. Ауыз су ішетініміз таза су ішеміз, оған рахмет.

Николай Дычко, Успенка ауданының әкімі:

Шыныменде былтыр қабылданған нысанның аяқталмаған жұмыстары болды. Мердігер компания Қызылорда облысынан наурыз айында келіп, қар кеткеннен кейін қайта іске кірісті. Біз оларды сотқа берген едік. Сот процесі тамыз айына дейін созылды. Бүгінгі күні ауылды сумен қамту мәселесі толық шешілді.

Болат Аманбаев      

Хабарламаларға жазылу