Ынтымақты сақтауда сарапшылар диалогы маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ынтымақты сақтауда сарапшылар диалогы маңызды

18.10.2022

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Ресейдің Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл меморандум Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия - Ресей: бірлесіп дамудың кезектегі мәселелері» сараптамалық форумында бекітілді. Онда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген мамандар сөз алып, аймақтағы басты мәселелерді талқылады. Форум қатысушылары, елдердің арасындағы достық қатынасты сақтауда, осындай алаңдардың маңызы зор екенін айтады.

Еркін Тұқымов, ҚСЗИ директоры:
Қазіргі кезде кез келген орынсыз айтылған сөз өшпенділік тудыруы мүмкін. Бұл жағдайды бірте-бірте өзгертіп, оның орнына сарапшылық-интеллектуалдық диалог орнатуды бастау қажет деп ойлаймын.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу