Республика күніне орай Солтүстік Қазақстанда бірқатар мәдени шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика күніне орай Солтүстік Қазақстанда бірқатар мәдени шара өтеді

18.10.2022

Республика күніне орай Солтүстік Қазақстанда элеватор, сүт тауарлы фермасы, құс фабрикасы сынды өндіріс нысандары ашылады.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар 15 нысан ел игілігіне беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Мәдениет және білім беру мекемелерінде ғылыми-практикалық жиындар, көрмелер мен түрлі спектакльдер қойылады. Егемендік пен елдікті насихаттайтын түрлі акциялар өткізу жоспарланған. 25 қазанда облыс орталығында жергілікті өнер ұжымдары мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтпек.

Досбол Әбдірейісов, Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Осындай іс-шаралар аудан орталықтарында да өтетін болады. АҚШ-тың бүкіләлемдік чемпионатында Гран-при иеленген «Сенситив» би ансамблі «Астана Опера» театрында ел басшылығының қатысуымен өтетін басты концертке қатысатынын атап өткім келеді.

Элмира Каленова

Хабарламаларға жазылу