Президент диқандарды құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент диқандарды құттықтады

17.10.2022

Елде күзгі жиын-терім науқанының аяқталуына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқандарды құттықтап, оларға денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі. «Диқандардың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агро өнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды», - делінген президенттің құттықтау хатында. Еске салсақ, 2019 жылдан бері 16 қазанда Қазақстанда Нан күні  аталып өтеді.

Биыл диқандар жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Жоспар бойынша 19,5 млн тонна астық алу межеленсе, қазірдің өзінде бастырылған өнім көлемі 21 млн тоннадан асты. Сонымен қатар 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналды. Осылайша, қазақстандық фермерлер астықпен отандық нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, өнімді шетелге экспорттауға мүмкіндік алды. 

Шерхан Жамбыл

Хабарламаларға жазылу