Шымкенттегі «Куат-жылу-орталық-3» мекемесі жылу бағасын арзандатуға қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі «Куат-жылу-орталық-3» мекемесі жылу бағасын арзандатуға қарсы

15.10.2022

Шымкент қаласында жылу бағасы арзандамайтын болды. «Куат-жылу-орталық-3» мекемесі Табиғи монополияларды реттеу департаментінің, тарифті төмендету туралы шешімімен келіспей, сотқа жүгінуді ұйғарған. Істің мән-жайын анықтау қаншаға созылатыны белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айында жылу беру мекемесінің табысын зерттеген Табиғи монополияларды реттеу комитеті, монополист мекеменің 486 миллион теңге негізсіз пайдаға кенелгенін анықтаған. Яғни орталық, өткен қыстың жылы болғанын пайдаланып, температураны мейілінше аз берген. Осы әрекеті үшін құзырлы орган компанияны жылу тарифін 7,1 пайызға арзандатуға міндеттеді. Десе де, мамандардың айтуынша, Шымкент қаласы бүгінде еліміздегі жылу тарифі жоғары аймақтардың бірі саналады.

Айсұлу Әлібекова, Шымкент қаласы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:

Арызды бізге жіберді. Арызды біз үш күннің ішінде жоғары тұрған орган комитетімізге жібердік. Қорытындысымен шешім шығады. Ол шешімді алып субъект сотқа жүгінеді. 4-5 мүмкін 6 айдың ішінде нақты шешім шығатын болады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу