Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді

13.10.2022

Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді. Бұл туралы екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған. Құжат дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жыл толуына орай жасалды. 16 пункттен тұратын мәлімдемеде бауырлас елдердің ынтымағын арттыруға баса мән берілген. Тараптар сауда-саттықты 10 млрд долларға жеткізу үшін бірлесе әрекет етуге уағдаласты. Ол үшін Транскаспий бағыты арқылы жүк тасымалын арттыру көзделген. Баку-Тбилиси-Карс жаңа желісін де тиімді пайдалану үшін жұмысты күшейтуге баса мән берілді. Сонымен қатар мәлімдемеде білім беру, ақпарат, жастар саясаты, мәдени – рухани байланыстарды бекемдеу туралы айтылған.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу