Ақмола облысының диқандары егін орағын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының диқандары егін орағын аяқтады

13.10.2022

Ақмола облысының диқандары егін орағын аяқтады. 4 миллион 660 мың гектар алқаптан 5 жарым млн тонна астық жиналған. Шығымдылығы 12 центнерге жуықтайды. Биылғы бидайдың сапасы жақсы. Қамырлығы - 28 пайыздан жоғары. Қамбаға түскен бидайдың 96 пайызы 3-інші классқа жатады. Облыста жалпы сыйымдылығы 4,7 миллион тонна болатын 70 элеватор бар. Оларға 2 миллион тонна бидай жеткізілген. Қазір майлы дақылдарды жинап жатыр. Алқаптардың 60 пайызы орылған.

Нығмет Хасенов, серіктестік басшысы:

Биыл шығымдылығы жаман емес, биылғы жылға өте жақсы. Сапасы да жоғары болып тұр. Бидайымыздың натурасы да, клейкавинасы жоғары. 30 проценттің маңайында клейкавинасы, натура 800-ге дейін жетеді. Бидайымызды біз элеваторға тазартпай, площадкадан тура жіберіп жатырмыз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу