Мемлекет басшысы Наум Шафердің отбасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Наум Шафердің отбасына көңіл айтты

12.10.2022

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, профессор Наум Шафердің қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. «Наум Григорьевич үлкен өмір жолынан өтті. Артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырды. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Ол бүкіл саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады. Наум Григорьевичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазылған жеделхатта. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу