Жапония екі жарым жылдық пандемиядан кейін шетелдік туристер үшін қақпасын қайта ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония екі жарым жылдық пандемиядан кейін шетелдік туристер үшін қақпасын қайта ашты

11.10.2022

Жапония екі жарым жылдық пандемиядан кейін шетелдік туристер үшін қақпасын қайта ашты. Сондықтан, бүгін бұл мемлекетке әлемнің ондаған елінен жолаушылар визасыз келе бастады.

Жергілікті үкімет саяхатшылардың оралуы экономиканы қайта жандандырып, бюджетке қосымша қаражат әкеледі деген үмітте.

Жапонияда карантиндік шектеулер басқа елдерге қарағанда қатаңырақ. Мұнда әлі күнге дейін ғимарат ішінде маска тағу, дауыстап сөйлемеу талап етіліп келеді. Дегенмен, 7 қазанда министрлер кабинеті турист тарту үшін қонақ үйлерде тұру ережелерін өзгерту туралы заңды мақұлдаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу