Биыл 47 судья жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 47 судья жауапқа тартылды

10.10.2022

Жыл басынан бері Жоғары сот кеңесі 47 судьяны тәртіптік жауапкершілікке тартып, 9-ын лауазымынан алған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары Сот кеңесі мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылған судьялар туралы статистикалық мәлеметтер берді. Олардың айтуынша 2019 жылдан бері 60 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал, 2020 жылы – 66 судья жауапқа тартылса, 2021 жылы бұл сан 71 адамға жеткен. Жоғары сот кеңесінің қарауына түскендердің 20 пайызы қызметінен босатылған.

Айгүл Қалимұқашева, Жоғары сот кеңесінің мүшесі:
Егер өрескел бұзушылықтар аудандық судьялардың тарапынан жіберілген кемшіліктер болса, онда осы өрескел бұзушылық облыстық сотта талқыланады. Одан кейін сот жюриіне жіберу қажеттілігі бар ма, жоқ па – бұл шешімді қабылдайды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу