Елімізде келер жылы қала құрылысы кодексі әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде келер жылы қала құрылысы кодексі әзірленеді

10.10.2022

Елімізде қалалар жаңа ережемен салынбақ. Ол үшін алдағы жылы қала құрылысы кодексі әзірленбек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, құжат саладағы көптеген мәселелерді шешуі тиіс. Қазір кодекс жоқ болғандықтан, бас жоспардағы талаптар сақталмайды. Ғимараттар бір-біріне тым жақын салынады немесе биіктігі ескерілмейді. Құжат түрлі түйткілдерді реттеп қана қоймай, құрылысты жандандыруға сеп дейді мамандар. Өйткені мердігер мен әкімдік немесе инвестор арасындағы түрлі қарама-қайшылықтар жойылмақ.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу