«Таңшолпан» бағдарламасының 30 жылдығы аясындағы «Ізгі істер марафоны» жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасының 30 жылдығы аясындағы «Ізгі істер марафоны» жалғасуда

10.10.2022

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының 30 жылдығы аясындағы «Ізгі істер марафоны» жалғасып жатыр. Бұл жолы Алматы ұжымы әсем қаланың тазалығын қадағалайтын коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысына жәрдемдесіп, көмек қолын созды. «Таңшолпанның» жүргізушілері мен қызметкерлері таңмен таласа тұрып, аула сыпырушылармен бірге қала тазалығына ат салысты. Оларға ерекше тағам ұсынды. Жас аспаз Рамазан Ахмет әзірлеген қазыдан жасалған суши көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ, аула сыпырушыларға ыстық шай мен тәттілер таратылды. Коммуналдық қызметкерлер шаһардың тазалығы мен көркеюіне зор үлес қосып жүрген жандар. Ізгі істің басты мақсаты – сол кісілерге алғыс білдіріп, жылулық сыйлау дейді бағдарлама ұжымы.

Рамазан Ахмет, аспаз:

Атмосфера өте жақсы. «Таңшолпан» бағдарламасының 30 жылдығына орай арнайы қазы мен суши ұсынып жатырмыз.

Медет Серікұлы, аула сыпырушы:

Халыққа еңбек етіп осы жерде жүрміз ғой. Біз шықпасақ, басқасы шығады бұл жұмысқа, былай ойлағанда. Қазір тазалап кетсек, артынан қайта шашылып жатады. Соны шашпасын, тазалыққа қарасын деп айтқым келеді тұрғындарға.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу