ЮНЕСКО Ахмет Байтұсынұлының 150 жылдығын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЮНЕСКО Ахмет Байтұсынұлының 150 жылдығын атап өтті

05.10.2022

ЮНЕСКО Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтті. Ұйымның штаб-пәтерінде болған жиынға қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Шарада Ұлт ұстазының ағылшын тіліндегі жинағы таныстырылды. Бұл кітап ЮНЕСКО кітапханаларын толықтырады.

Анар Фазылжан, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

Мен бұл құрметке Ұлт ұстазы лайықты деп ойлаймын. Өйткені оның өмірі, шығармашылығы түгел еліне қызмет етуге арналды. Әлемде осындай өз ісіне берілген ағартушылар саусақпен санарлық. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының аты халқының дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткерлермен қатар аталуы керек деп санаймын.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу