Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы атанды

04.10.2022

2000 жылдан аса тарихы бар Тараз - Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы атанды. Бұл тізімде 59 мемлекеттің қаласы бар. Әлем бойынша қолөнершілер шаһарларының тізімі 2014 жылы жасалған. Тараз - бұл тізімге енген Қазақстандағы алғашқы қала.

Облыс орталығында ұйымдастырылған халықаралық көрмеде Тараздың «шеберлер шаһары» атанғаны салтанатты түрде жария етілді. Бұл өңірдің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиға. 4 күнге жалғасқан іс-шараға 200-ден астам қолөнерші қатысты. Келген қонақтар үшін арнайы тур ұйымдастырылып, тарихи нысандар таныстырылды. Жамбыл облысында бүгінде 3 жарым мыңға тарта тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың бесеуі ЮНЕСКО-ның «бүкіләлемдік мәдени мұра» тізбесіне енген.

Сәкен Сыздықов, шебер:

Бүгінгі өтіп жатқан халықаралық қолөнершілер іс-шарасы үлкен фестиваль. Қуыныштымыз, шете елдерден келіп жатыр. Мынау Үндістаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан талай елдерден келіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу