Елдегі құрылыс нысандарының жеке сәйкестендіру нөмірі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі құрылыс нысандарының жеке сәйкестендіру нөмірі болады

04.10.2022

Енді елдегі құрылыс нысандарының «жеке сәйкестендіру нөмірі» болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты. Демек нысандарға бірыңғай кадастырлық нөмір беріледі. Қала құрылысы кадастры, қызметтің ашық болуын, жобаларды әзірлеу мен іске асырудың сәйкес екенін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үкімет басшысы 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрын толығымен енгізуді және автоматтандыруды тапсырды. Жүйені бір ізге қою жыл соңына дейін 75 пайызға, ал 2024 жылға қарай 100 пайызға жеткізілмек. Қала құрылысы сараптамасы шаһарларда бейберекет және сапасыз құрылысты тоқтатуға да бағытталған.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысының Жолдауында халық пен бизнеске жер учаскелері мен инженерлік схемалар туралы ашық ақпарат беру қажеттігі туралы айтылған болатын. Сол үшін бүкіл ел аумағы бойынша бірыңғай қала кадастыр мен сараптамасы енгізіліп жатыр. Жер учаскелері мен инфрақұрылым желілерінің интерактивті картасы дайындалуда. Ол тұрғындар мен кәсіпорындарға инженерлік және коммуналдық нысандарға жедел қосылуға мүмкіндік береді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу