ТМД-ға мүше елдер мұғалімдерінің VII съезі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД-ға мүше елдер мұғалімдерінің VII съезі басталды

04.10.2022

Білім саласында тәжірибе алмасу алаңдары көбейеді. ТМД елдері педагогтерінің 7-ші съезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Астанаға 11 елден келген маман білім беру мазмұны, цифрлық трансформация, инклюзивті және кәсіптік-техникалық білімге қатысты кеңес өткізді. Осы съез арқылы өзге елден келген мамандар шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отыр. Мұғалімдер съезі ТМД білім министрлері конференциясының шешімімен екі жылда бір рет өткізіледі.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Осы мемлекеттердің жалпы білім беру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру мәселесі. Бір-бірлерінің дипломдарын танып, басқа елге жұмысқа тұру мәселесі, академиялық ұтқырлық мәселелері қарастырылды. Өйткені, біздің практикада бар. Біздің елдің студенттері басқа елге барып 1-2 семест р оқу деген. Осы жұмысты жалғастырып, жалпы осы білім саласында тәжірибе алмасу алаңдарын жандандыру мәселесі талқыланды.

Галина Казак, ТМД Атқару комитеті гуманитарлық ынтымақтастық, жалпы саяси және әлеуметтік мәселелер департаментінің кеңесшісі /Беларусь/:

Бүгін педагогтердің қатысуымен өткен ауқымды съезде біз 16 сұрақтың төңірегінде әңгімелесіп, кеңес құрдық. Бұл жерде сонымен қатар кеңестің биылғы жылы атқарған жұмыстарына да шолу жасалды. Жалпы, бұл жиының маңызды тұсы өте көп. Атап айтқанда, қазіргі таңда білім саласында сапалы кадр даярлау мәселесі кез-келген елдің күнтәртібінде бірінші орында тұр. Біз жиында бұныңда шешілу тетіктеріне тоқталдық. Сондай-ақ, келесі съезді Беларусь елінде өткізу жайлы сұрақтарды қарастырып, ортаға салдық.

Хабарламаларға жазылу