Сайлау-2022: ЖСДП Нұрлан Әуесбаевты кандидат ретінде ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2022: ЖСДП Нұрлан Әуесбаевты кандидат ретінде ұсынды

01.10.2022

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсынды. Партияның XIX кезектен тыс өткен съезіне жиналғандар бірнеше үміткердің арасынан Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдаған. Заңгер әрі экономист Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2021 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана филиалының төрағасы болып сайланған.

Нұрлан Әуесбаев ҚР Президенттігіне үміткер: 

Халықаралық ареналарда үлкен қадір-қасиеті бар, жүздеген мемлекеттердің ішіндегі атағы бар соц-интерннің мүшесі біздің ЖСДП. Біздің бүкіл мақсатымыз - осы социял-демократияның принцптьерін қолдау дәріптеу.


Хабарламаларға жазылу