Ішкі істер министрі өскемендіктермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрі өскемендіктермен кездесті

01.10.2022

Биыл кісі өлімі 3, мал ұрлығы 2 есеге азайған. Есесіне тұрмыстық жанжал тиылмай тұр. Өткен 9 айда отбасындағы жанжалға қатысты полицияға 100 мыңнан астам қоңырау түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Жалпы елдегі қоғамдық қауіпсіздік жіті бақылауда. Бірақ бұл полиция қызметкерлерінің босаңсуына жол бермейді.

Ел ішіндегі тыныштық үшін құқық қорғау қызметкерлеріне жүктелетін міндет пен жауапкершілік бұрынғыдан да зор болмақ. Ол үшін халықтық полиция қызметін құрған жөн. Яғни кез-келген мәселеде полиция тұрғындардың көмегіне жүгінуі керек. Бұл тұрғыда халықтың сенімі маңызды. Ол үшін бірінші басшылар ай сайын тіпті, апта сайын жеке қабылдаулар өткізуі тиіс. Министр бұл жұмысты өзі бастап қолға алыпты. Өскеменде өткен кездесуде тұрғындар сауалдарын министрге төтесінен қойды. Ал енді бірқатарын жеке қабалдады. Қазір құрғақ статистика мен есеп-қисаптың уақыты өткен. Бірақ министр ішкі істер саласы да бұл үрдістен құтыла алмай келе жатқанын жасырмайды. Бұдан құтылу үшін ең алдымен учаскелік инспекторлардың жұмысы реформалаанды.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

Қазір қарап соны тиімдісін қалдырып, керек жоғын алып тастап, сол кезде мынау сапалы қызмет жасайтын учаскелік полиция қызметкрелері болады деп отырмыз.


Хабарламаларға жазылу