Ақтауда «Жаңа қазақстанның тірегі – жалынды жастар» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Жаңа қазақстанның тірегі – жалынды жастар» форумы өтті

30.09.2022

Ақтауда «Жаңа қазақстанның тірегі – жалынды жастар» атты форум өтті. Оған кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері мен дінтанушы маман қатысты. Жиында жастардың қоғамдағы ролі, дүниетанымы туралы ой-пікірлер айтылды. Спикерлер жастарды білімді болуға, елді өркендету жолында еңбек етуге шақырды. Мамандардың айтуынша, теріс діни ағымдардың арбауына түсетіндердің дені-жастар. Өйткені, олар тез бейімделіп, еліктегіш. Ал, радикализм- болашаққа балта шабумен тең. Сондықтан жастарға осы бағытта кеңінен түсінік берілді.

Гүлназ Жеңісқызы, студент:

Бүгінгі форум өте керемет өтті деп айта аламын. Бүгінгі спикерлердің өмір жолы арқылы біз өзімізге қажетті барлық мағлұматтарды алдым. Осындай форумдар спикерлер бізге көптеп келіп, тұшымды деректерін айтса бұл біз секілді жастарға керемет болады.

Кеңшілік Тышханұлы, дінтанушы:

Жастардың санасына кім иелік етеді, сол болашақ мемлекеттің болашағына иелік етеді. Сондықтан да діни бағыттағы жамағаттар да саналы түрде соған әрекет жасауға тырысады. Сондықтан біз жастарымызды сондай теріс ұйымдардан, теріс ағымдардан құтқаруға тырысатын болсақ, біздің мемлекетіміздің болашағы тыныш болады деген мақсатта жастарға бағыт-бағдар бердік.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу