Қызылордада заманауи әуежай терминалы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада заманауи әуежай терминалы салынады

27.09.2022

Қызылордада заманауи әуежай терминалы салынады. Жаңа әуе қақпасының жобасы қоғамдық тыңдауда таныстырылды.

Құны 25 миллион АҚШ доллары болатын нысан «Болат Өтемұратов» қорының қаржысына салынбақ. Жаңа терминал 7 мың шаршы метр болады деп жоспарланған. Халықаралық талаптарға сай келетін жобаның авторы түріктің «GMW Мimarlik» компаниясы. Олар әлемнің 20-дан астам елінде әуежай құрылысын жүзеге асырған. Жаңа терминал құрылысы кезінде 600-ден аса адамды жұмыспен қамту көзделген.

Марат Айтмағамбетов, «Болат Өтемұратов» қорының директоры:

Құрылыс келесі жылдан басталады. Ақпанда. 2024 жылда қыркүйегінде бірінші жолаушыларды жаңа терминал қабылдай алады.

Әсет Атабаев, «ADS» компаниясының өкілі:

Сыр өңіріндегі салынайын деп жатқан терминал еліміздегі бетке ұстар терминалдың бірі болады деген сенімдеміз. Сағатына 250 жолаушыны қабылдай алатын терминал. Заманауи екі лифт, эсколатор, СІР залы, және мүмкіндігі шектеулі жандарға да жайлылық көрсетілген.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу