Шетте жүрген қандастарға елде он жылға дейін уақытша тұруға мүмкіндік беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетте жүрген қандастарға елде он жылға дейін уақытша тұруға мүмкіндік беріледі

27.09.2022

Шетте жүрген қандастарға жеңілдетілген виза берілмек. Басты шарт – елге келіп бизнес ашу. Сонымен қатар кәсіпкер қазақтарға он жылға дейін Қазақстанда тұруға ықтиярхат беріледі.   Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
«Қазақ картасы» деген біздің әлемдегі қолданылып жүрген карталардың бірін қолданбақшымыз. Ондағы негізгі мәселе – егер де сол жақта тұра берем, бірақ еліме келіп, бизнесімді ашып, елімнің дамуына өз үлесімді қосам деген этникалық қазақтар болса, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік жасап, жеңілдетілген визалар беріледі. Он жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін алатын болады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу