Саясат Нұрбек: Еліміздің жоғары оқу орындарында сараланған грант моделі пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саясат Нұрбек: Еліміздің жоғары оқу орындарында сараланған грант моделі пайда болады

23.09.2022

Еліміздің жоғары оқу орындарында сараланған грант моделі пайда болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Соңғы жылдары білім алғысы келетін жастар қатары біршама көбейді. Ал, білім берудің жаңа тетігі мәселенің алдын алып, барлық балаларды жоғары білімге қолжетімді етпек. Сөйтіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуде 50 ұпай алғандарға да сараланған гранттар берілетін болады. Олар толыққанды немесе осал топ азаматтарының барлығына үлестірілмек. Қазір осы тетікті пайдалануда жоғары білім алудағы шетелдік тәжірибелер терең зерттеліп жатыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Біз тек қана біз 70-80 баламен шектелмейміз. Басқа да қиын жағдайларда немесе жоғары оқу орнына, жоғары білімге ілініп кететін бір балаларға да осы арқылы көмектесе аламыз. Және де екі-үш пайыздық мына жеңілдетілген несиелер арқылы ол да екінші құрал осылай қолжетімділікті біз сақтайтын боламыз жоғары білімге.


Хабарламаларға жазылу