10-11 сыныптар үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10-11 сыныптар үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

23.09.2022

Биылдан бастап 1-сынып оқушылары тек қазақ тілін оқып жатыр. Орыс тілі мен ағылшын тілі оқу бағдарламасына 2-ші және 3-ші сыныптарда қосылады. Бұл туралы арнайы брифингте Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. айтуынша, математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттары көбейтіледі. Сондай-ақ, оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдерге қосымша курстар ұйымдастырылмақ. «STEM» білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 10-11 сыныптардағы ағылшын тілі сағатын көбейтуге баса мән беріледі.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

2024 жылдан бастап 3-сыныпта екі-ақ сабақ болатын болса, 3-сыныпта 3 сабаққа дейін көбейтеміз. Бұл халықаралық талаптарға сай болады. Және 10-11 сыныптарда қазіргі уақытта 3 рет сабақ болатын болса, енді 5 күндік форматта ағылшын тілі күнде күнде болатын болады.


Хабарламаларға жазылу