Жаңа Зеландияда табиғат жанашырлары шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда табиғат жанашырлары шеруге шықты

23.09.2022

Жаңа Зеландия астанасында жүздеген демонстрант климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдауды талап етіп шеруге шықты. Көбі - студент. Олар Парламент үйіне дейін барған. Осы арқылы әлем көшбасшыларын ғаламдық жылыну құбылысын тоқтатуға үндеуді көздейді. Экология жанашырларының осыған ұқсас шаралары Оңтүстік Корея, Британия мен Бразилияда да өтеді.


Хабарламаларға жазылу