Мемлекеттік кеңесші алдағы Президент сайлауының ерекшеліктерін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші алдағы Президент сайлауының ерекшеліктерін атады

22.09.2022

Ерлан Қариннің айтуынша, саяси дода жаңа сайлау циклын бастайды. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды.

Онда мемлекеттік кеңесші соңғы үш жылда саяси реформалардың іске асқанын атап, енді жүйені түбейлі жаңғырту қажеттігін айтқан. Ол үшін Президент, парламент пен Мәслихат сайлауын өткізіп, Үкіметті қайта жасақтау қажет. Тағы бір маңызды жайт – алғаш рет сайлаудың өтетін мерзімі алдын ала жарияланды. Яғни қоғамдық талқылау өткізуге және алдын ала дайындық жасауға уақыт жеткілікті болды. Бұған дейінгі дәстүр бойынша бір күнде-ақ кезектен тыс сайлау уақыты жарияланып, Жарлыққа қол қойылатын.


Хабарламаларға жазылу