Қазақстан мен Ресей қаламгерлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей қаламгерлері кездесті

25.11.2014
Қазақстан мен Ресей қаламгерлері кездесті

«Әдебиет - адамзатты жақындастыратын құрал. Ал, әдебиетті дамыту үшін өзге елдермен, өзге мәдениетпен ықпалдасу керек».

Мәскеу қаласында бас қосқан Қазақстан мен Ресейдің ақын-жазушылары осындай пікір білдірді.

Екі ел қаламгерлерінің мұндай кең ауқымды кездесуін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі мен «Литературная газета» басылымы ұйымдастырды.

Қаламгерлердің Мәскеудегі кездесуі екі күнге созылады.

Тараптар Еуразия кеңістігіндегі әдеби үрдістердің барысын саралап, шығармашылық байланыстарды бекітудің жолдарын қарастырады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу