Этносаралық мәдениетті қалыптастыруда әдебиеттің орны зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этносаралық мәдениетті қалыптастыруда әдебиеттің орны зор

21.11.2014
Этносаралық мәдениетті қалыптастыруда әдебиеттің орны зор

Елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері үшін әдебиеттің алар орны зор. Бұл туралы бүгін ЕҰУ-де өткен «Этносаралық мәдениетті қалыптастырудағы әдебиеттің орны» тақырыбы аясында өткен дөңгелек үстелді Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері айтты.

Олардың пайымдауынша, қазақ ұлтының тілін, әдет-ғұрпын жақсы меңгеру үшін, сол елдің әдеби шығармаларын көп оқу керек. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының 10 жылдық мейрейтойы аясында өткен іс-шараға еліміздің әдебиеттанушылары, зиялы қауым өкілдері  мен журналистер  қатысты.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу