Халық пікірі: Саяси реформалар - демократияға нақты қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Саяси реформалар - демократияға нақты қадам

17.09.2022

Президенттің өкілеттілігін бір мерзімге қысқарту және оның қайта сайлауға түсуін шектеу -Әділетті Қазақстанның көрінісі. Елдегі саяси реформаларға пІкір білдерген тұрғындар бұл- жаңарудың белгісі деп санайды.

БЛИЦ:

Заң бойынша ҚР Президенті 7 жылға тек бір рет сайлануға құқылы. Мұндай жағдай мемлекетімізге ауыспалы биліктің негізін қалап отыр. Ауыспалы билік деген халық пен биліктің арасын жақындастырады. Тағы да бүгін үлкен бір өзгеріс - Нұр-Сұлтан қаласының атауы бұрынғы атауына қайтарылып жатыр. Демек, халық бұған үйренген. Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан үшін үлкен маңызы бар.

Халық Астана деп сөйлейді. Басқа атаулар қала берсін, Астана Астана болып қалғанына менің қарсылығым жоқ.

Алдағы уақытта Президент тек қана бір реттік 7 жыл мерзімге ғана сайлана алады. Ол өте дұрыс, себебі кез келген адамның артықшылығы мен кемшілігі болады. Ең негізгісі, демократиялық мемлекеттердің барлығында тек қана бір реттік сайлаулар болып жатады.

Менің бұл шешімге пікірім оң. Яғни, біз Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгерген кезінде де, бұрынғыша Астана деп атап жүрдік. Өйткені, Астана құлаққа да жағымды естіледі, өзімізге де ұнайды.

Хабарламаларға жазылу