Шетелдік сарапшы: Дәстүрлі діндер жиыны халықаралық деңгейге көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшы: Дәстүрлі діндер жиыны халықаралық деңгейге көтерілді

16.09.2022

Қазақстанда өткен әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін Америкадағы сарапшылар да назарда ұстады. АҚШ-ның үш бірдей президентіне Еуразия мен Ресей жөнінде кеңесші болған Фредерик Старр қазақ елі дәстүрлі діндер бірлестігін халықаралық деңгейдегі діни қауымдастыққа айналдырды деп санайды.

Фредерик Старр, Вашингтондағы Орталық Азия институтының негізін салушы:

Рим папасының Қазақстанда жасаған баяндамасы мен жаһан жұртшылығына арнаған сөздері менің көңілімнен шықты. Ең маңыздысы бұл жиында барлық тараптың көшбасшылары болды. Ал Қазақстан дәстүрлі діндер қауымдастығын халықаралық деңгейдегі діни қауымдастыққа айналдырды. Съезд сезімтал мәселеге қатысты жасалған өте сауатты қадам болды деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу