Самарқанда Президент Қ.Тоқаевтың қатысуымен ШЫҰ саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самарқанда Президент Қ.Тоқаевтың қатысуымен ШЫҰ саммиті басталды

16.09.2022

Алқалы жиын халықаралық шараға орай салынған конгресс холл орталығында өтіп жатыр. Мұнда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев күтіп алды. Кейін ұйымға мүше сегіз елдің басшылары сүретке түсіп, шағын құрамда кеңесті. Саммитті ұйымға төрағалық етіп жатқан өзбек тарапы ашты.

Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, саяси құрылым бір жылда 80-нен астам түрлі халықаралық шара өткізген. Оның бәрі жасыл экономика, өнеркәсіп, цифровизация мен сауда саттықты арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Саммиттен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше екі жақты кездесуі жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу