Қостанайға «Ахмет жүріп өткен жолмен» экспедициясы барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайға «Ахмет жүріп өткен жолмен» экспедициясы барды

16.09.2022

Сапардың мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлынан қалған мол мұраны зерттеп жүрген ғалымдардың жаңа деректерін көпшілікке таныстыру, насихаттау. Ахметтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған топ Әулиекөлде, Қостанай, Арқалық қаласында, Бидайық, Торғай, Ахмет Байтұрсынұлы ауылында ғылыми-танымдық іс-шара өткізіп, жұртшылықпен кездеседі. Кейін ғалымдардың баяндамалары жинаққа басылып, оқу орындарының кітапханаларына, ғылыми орталықтарға табысталады.

Жандос Смағұлов, филология ғылымының докторы, профессор:

Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалаған – Ахмет Байтұрсынұлы. Себебі әлемдік әдебиет теориясында қолданылып жүрген терминдер, пән атауларын толықтай қазақшалап, ұлттық ұғымға сай етіп, жоғары оқу орындарында оқытудың негізін қалап шықты.


Хабарламаларға жазылу