Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттырады

15.09.2022

Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттырады. Күні кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында тиісті келісімге қол қойылған. Енді Қытай үкіметі Шығыс Қазақстан облысы сапа инспекциясының зертханасына жабдық тапсырады. Қазақстан қайта өңделетін тауар, жемшөп пен қоспалар, ет және ет өнімдері, сүт пен сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Айта кетейік, биыл агросалада Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы 412 млн доллардан асқан. Біз көрші елге 280 млн долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттадық.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу