Қазақстан - Қытай шекарасында құны 1 млрд теңгеден асатын контрабандалық жүк тәркіленді
Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде құны 1 млрд теңгеден асатын контрабандалық жүк тәркіленді. Салмағы 137 тонна 6 контейнер тауар транзитпен Ресей еліне өтіп бара жатқан. Кеденшілердің сканерлік тексеру нәтижесінде құжатта мата деп көрсетілген тауар басқа болып шықты. Кедендік тексеру барысында джинс, шалбар, күртеше, тері тон, белдемше, пижама, әртүрлі әйелдер киімі табылды. Қазіргі уақытта «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің басшылығы тарапынан жинақталған аталмыш істі қылмыстық-процессуальдық шешім қабылдау үшін Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментіне жіберу мәселесі қарастырылуда.
Бекен Нұрахметов, «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің бас маманы:
Бұл тауарлар контейнердегі ілеспе құжаттарда мата деп көрсетілген. Жалған құжат. Жалған мәлімдемелер. Ал мата дегеніміз бұл кедендік салықтық көлемі, алымы төмен тауарлардың қатарына жатады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45