Президент БҰҰ Бас хатшысының өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БҰҰ Бас хатшысының өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілімен кездесті

13.09.2022

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады. Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне және Қазақстан мен БҰҰ Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Мигель Анхель Моратиносқа Қазақстанға келгеніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Сондай-ақ Альянстың бейбітшілік, төзімділік мәдениетін ілгерілетуге, адамдарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Хабарламаларға жазылу