Қытай көшбасшысының пандемиядан кейінгі алғашқы сапары: Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай көшбасшысының пандемиядан кейінгі алғашқы сапары: Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға келеді

12.09.2022

Екі күннен соң Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзинь-пин келеді. Екі ел басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл Қытай көшбасшысы пандемия басталғаннан бері алғашқы елге сапары. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан үшін бұл үлкен мәртебе деп мәлімдеді.   

Хабарламаларға жазылу