Польшадағы халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшадағы халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль еншіледі

12.09.2022

Қазақстанның қыздар құрамасы Польшадағы бокстан халықаралық турнирде жақсы нәтиже көрсетті. Спортшыларымыздың қоржынында 11 медаль бар. Алуа Балқыбаева, Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова жеңіс тұғырынан көрінсе, күміс медальді Валентина Хальзова еншіледі. Ал Балауса Мұздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсия Ержан мен Мадина Нұрашева жарысты қола медальмен қорытындылады.

Хабарламаларға жазылу