Діндер съезі: Өзекті тақырыптар аясында форумның секциялық отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діндер съезі: Өзекті тақырыптар аясында форумның секциялық отырысы өтеді

08.09.2022

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII (жетінші) съезі қарсаңында, 13 қыркүйекте съезд хатшылығының ХХ (жиырмасыншы) отырысы өтеді. Жиынға Парламент сенатының спикері, аталмыш іс-шара хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев төрағалық етеді. Сондай-ақ 14-15 қыркүйек күндері ең өзекті деген 4 мәселе бойынша форумның секциялық отырыстары жоспарланған. Онда мынадай тақырыптар көтеріледі: «Қазіргі заманда рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі», «Діндер мен мәдениеттердің өзара сыйластығындағы және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы білім мен діни ағартудың рөлі», «Дін лидерлері мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, әсіресе, діни негіздегі экстремизм, радикализм және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі». Сондай-ақ, «Әйелдер қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдердің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоғамдастықтардың рөлі» жайы сөз болады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу