Бюджет: Қазынаның мұнайға тәуелділігі азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет: Қазынаның мұнайға тәуелділігі азайып келеді

08.09.2022

Қаржыгерлер жыл санап қазынаның қара алтын табысына тәуелділігі азая береді деп болжап отыр. Яғни үш жылда бюджеттегі үлесі 40 пайыздан 22 процентке дейін түседі. Келер жылы республикалық бюджеттің шығыны 21 трлн теңге болмақ. Ал кірістердің сомасы 17,8 трлн теңге. Жетпеген 3,2 трлн теңге ұлттық қордан алынбақ. Қаржы министрлігі бүгін мәжіліс қабырғасында 2023-2025 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасын таныстырды.

Татьяна Савельева, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Біздің мұнайға қатысты емес табыстарымыз артып келеді. Осының арқасында 2024 жылы ұлттық қордан аударылатын мақсатты трансферт 400 млрд теңге болмақ. Ал 2025 жылы қордан ақша алу жоспарланып отырған жоқ.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу