Халық пікірі: Жолдаудағы экономиканы өркендетуге бағытталған бағдар құптарлық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Жолдаудағы экономиканы өркендетуге бағытталған бағдар құптарлық

08.09.2022

Президентті қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір реттік мерзімді енгізу бастамасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік саламен қатар экономиканы өркендетуге бағытталған бағдар құптарлық, дейді қазақстандықтар.

БЛИЦ:

Кезектен тыс сайлауды дұрыс қабылдаймын. Өйткені 7 жылда бір өтетін Президенттік сайлау бұл өте тиімді. Өйткені, көп жылдар бойы отыра бергеннен 7 жылда орындауға болады деп ойлаймын. Сол жобаларды, бағдарламаларды. Сондай өзгеріс жаңа бағыт-бағдар бізге міндетті түрде керек.
Көңілімнен шыққан мәселе - осыған дейінгі Президенттің қолға алған көтерген мәселелерінің сол жолдауда жалғастыруы. Барлығы да сол енді шегінбейміз. Осы мәселелерді жүзеге асырамыз деген ұстаным. Бәрі де сол халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономикасын жақсартуға негізделген.

2-3 пайызбен несие берейін деп жатыр. Ол енді кәсіп ашамын деген азаматтарға, азаматшаларға өте бір жақсы көмек деп біліп отырмын мен. Мүмкін бір адамдар кәсіп ашқылары келеді, бірақ олардың қаражаты жоқ. Сондықтан да осы 2-3 пайыз несие беру арқасында өздерінің кәсібін ашып, еліміздің экономикасына өркендетуге бір жол ашады деген ойдамын.

Менің ойымша ол кісінің алған бағыты дұрыс деп есептеймін. Көп мәселенің барлығын дұрыс шешіп келе жатыр. Алдыда қойылатын мақсаттары, істелетін заттарының барлығы ойдағыдай шықса екен деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу