М.Әшімбаев: 7 жылдық мерзім саяси бәсекелестікті арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әшімбаев: 7 жылдық мерзім саяси бәсекелестікті арттырады

08.09.2022

Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу саяси бәсекелестікті арттырады. Осылай деген сенат төрағасы бұл бастама саяси реформалардың жалғасы екенін жеткізді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша 7 жыл кез-келген ауқымды бағдарламаны іске асыру үшін жеткілікті. Сондықтан бұл ел дамуының қарқынын арттыру үшін де маңызды. Әрі келесі жылы өтетін депутаттардың сайлауына тоқталды. Айтуынша саяси дода мәжіліс, сенат, мәслихат және үкіметке жаңа адамдардың келуіне мүмкіндіктер береді. Саяси партияларға жол ашылады. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Халықтың көпшілігі бүгінгі күні елімізде іске асырылып жатқан бағдарламаны қолдайды деп ойлаймын. Бұл бағдарламаның негізі әділетті Қазақстанды құру. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу, мемлекеттік капитализмнен кету, бизнесті дамыту, әртүрлі топтарды тәртіпке шақыру. 

Хабарламаларға жазылу