Жолдаудағы бастамалар туралы көпшілік пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдаудағы бастамалар туралы көпшілік пікірі

08.09.2022

Президентті қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір реттік мерзімді енгізу бастамасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Солардың бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.

Бұрынғы бекітілген салық нормаларын барлығына түбегейлі өзгеріс жасап, жаңа кодекс жасау. Кәсіпкерлікті дамыту деген – елдегі экономиканы дамыту. Экономика арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру. Осының арқасында біріншіден, жұмыспен қамтылса, екіншіден, уақытылы салық төлеуге үлкен бет-бұрыс деп айтуға болады.
Біздің Президентіміз үлкен-үлкен мәселелерді қозғады. Оның ішінде, әлеуметтік мәселе. Экономиканы әрі қарай дамыту мақсатында. Оның ішінде, біздің Қызылорда облысының, Сыр елінің соның ішінде Аралдың үлкен проблемасы су екенін жалпы халық біледі. Осы суды есептеп, үнемдеп жұмсау. Сөйтіп егістікке де үнемдеп жұмсау, суды ысырап қылмай теңізге жеткізу. Осындай халық үшін айтылған ұсыныстары болды ол кісінің.


Хабарламаларға жазылу