Шетелде оқып, жұмыс істеп жүрген қандастарымыз да Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесін қосуға ниетті. Бұл туралы Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтағы елшісі Марғұлан Баймұханмен жүздесу кезінде мәлімдеді.
Басқосуда Президент Жолдауындағы елдің дамуына бағытталған маңызды бастамалар талқыланды. Оқу, жұмыс бабымен жат жерде жүрген қыз-жігіттер Қазақстанға инвестиция, инновация тарту жұмыстарына белсене қатысуға ниетті. Жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген пайызбен несие берілетініне қуанып отыр. Айтуларынша мұндай қолдау-жастардың патриоттық сезімін арттырып, әділетті қоғам қалыптастыруға серпін береді.
Айжан Кондубаева, PwC компаниясының қызметкері:
Шетелде алған тәжірибемізді негізінде Қазақстанға келіп енгізгіміз келеді және Президентпен бірге сол мақсаттарға жетуге үлес қосқымыз келеді. Сондықтан, осы Жолдау көптеген жастарға үлкен есік ашады.
Санжар Аубакиров, «Amazon» компаниясының IT инженері:
Ұлттық қордың 50 пайызы балалардың біліміне жұмсалатыны тың жаңалық. Елді көтеретін-білімді ұрпақ. Отанымызға оралып, елімізді көркейту, дамыту-ол біздің азаматтық борышымыз.