Африкада ашаршылық: 1 млн тұрғын азық іздеп үйлерін тастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африкада ашаршылық: 1 млн тұрғын азық іздеп үйлерін тастап кетті

08.09.2022

Сомали мен Кенияда бір миллиондай адам ас пен су іздеп үйлерін тастап кеткен. Мұны халықаралық Қызыл Крест ұйымы мәлімдеді.

Африкада мұндай жағдай қалыптасуына қуаңшылық пен әлемдік нарықта азық-түлік бағасының шарықтап кетуі себепші. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, Сомалиде биыл қазан-желтоқсан аралығында үлкен аштық болады. Айта кетсек, бұл мемлекетті он жыл бұрын да нәубет жайлап, жүздеген мың адам қырылған еді.

Африка мүйізі елдері, яғни, Сомали, Эфиопия, Эритрея және Джибути қазір соңғы 40 жылдағы ең үлкен құрғақшылықты бастан кешіріп жатыр. Өйткені, түбекте бес маусым қатарынан жауын жарытып жаумаған. Осыған байланысты бүгінде бұл аймақта 22 миллиондай адамға ашаршылық қаупі төніп тұр.

 

Хабарламаларға жазылу