Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру арқылы экономиканың драйвері саналатын саланы дамытуға мүмкіндік туады. Президент Жолдауында осыған басымдық берілген. Жетісулық қоғамдық ұйым жетекшілері осылай дейді. Сондай-ақ аймақтардағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Жастарды жұмыспен қамту, төменгі жалақы мөлшерін еселеп, әйелдердің зейнет жасын азайту елді толғандырған мәселелер. Үкіметтік емес ұйым мүшелері жастардың білім алып, кәсіп ашуына жағдай жасау, әр балаға 18 жасқа дейін ұлттық қорға түскен пайданың бір бөлігін аударып отыру бастамалары да құптарлық деп отыр.
Ерғазы Қошанбеков, Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Біз тек қана бидай мен етті сатып қана отырмай, ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін сатуымыз керек. Өйткені бізге қазір экспорттан гөрі импорт көбейіп жатыр, ет болсын, басқа да тағамдар болсын.
Елдос Баялышбаев, «Асар» оңалту-сауықтыру орталығының жетекшісі:
Енді жүз мыңға дейін жастарды жұмысқа кіргізсе, 100 мың адам өз отбасына тірек болады. Әке-шешелеріне тірек болады. Өте жақсы, керемет мүмкіндік.