«AMANAT» партиясының өкілдері өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясының өкілдері өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті

06.09.2022

Депутаттар қамкөңіл ағайынға қолдау білдіріп, азық-түлік пен тұрмысқа қажет заттарды таратты.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының өкілдері өрттен зардап шеккендерге 807 тонна гуманитарлық көмек жинады. Сондай-ақ партия мүшелері ауруханада жатқан Аманқарағай ауылының тұрғыны Темір Жүсіповтің жағдайын сұрап барды. Ол өрт кезінде ауылдасын құтқаруға көмектесіп жүріп, екі қолын күйдіріп алған.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Батырлық дегеніміз, осындай қиын сәтте өзінің дер кезінде көмегін көрсете білу. Жанып жатқан көліктің ішінен адамды алып шығып, ерлік көрсететін азаматтарымыз, жігіттеріміз аман болсын. Осындай қиындықтан біз өзіміздің бірлігімізбен, ортақ бір мақсатқа жұмылғандығымызбен аман-есен жеңіп шығамыз деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу