АҚШ-та инфляция бәсеңдей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та инфляция бәсеңдей бастады

06.09.2022

Екі жылдан бері қымбатшылықтан көз ашпаған АҚШ-та инфляция бәсеңдеп, тауар құны арзандай бастады. Әсіресе, жанармай жиырма пайызға төмендеген. Қазір бензиннің литрі бес жүз теңге шамасында. Үш айдан бері жұмыспен қамту қарқыны да тұрақталып келеді. Тамызда 315 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған. Яғни Еңбек нарығы бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнімнің қысқаруына қарамастан ел экономикасындағы тұрақтылықты көрсетеді. Ал инфляцияның кемуі Федералдық резерв жүйесіне пайыздық мөлшерлемелерді көтермеуге мүмкіндік беруі тиіс. Қырық жылда болмаған құнсыздану деңгейін азайту үшін АҚШ орталық банкі бұған дейін несие ставкасын бірнеше рет арттырған еді.

Хабарламаларға жазылу