Германия энергетикалық дағдарыс салдарымен күреске 65 млрд еуро бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия энергетикалық дағдарыс салдарымен күреске 65 млрд еуро бөлмек

05.09.2022

Мұны канцлер Олаф Шольц мәлімдеді. Қаражат электр қуатының күрт қымбаттауы кезінде тұрғындарға қолдау көрсетуге жұмсалады. Мәселен, студенттер 200 еуро, зейнеткерлер 300 еуро көлемінде бір реттік төлем алады. Келесі жылдан бастап балаларға берілетін жәрдемақы көлемі де ұлғаймақ. Бұдан бөлек электр қуатын көп тұтынатын 9 мыңдай кәсіпорынға салық төлеуде жеңілдіктер жасалады.

Айта кетейік, Украинадағы қарулы қақтығыс басталғаннан кейін Еуропада электр энергиясы күрт қымбаттап кетті. Ресей бұл елдерге тасымалдайтын газ көлемін айтарлықтай азайтты.

Хабарламаларға жазылу