«А»-дан «Я»-ға дейін... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«А»-дан «Я»-ға дейін...

04.09.2022

Бұл Алматыдағы 174 мектеп. Мұнда бірінші сыныптың өзіне 450 бала келген. 25 балаға арналған сыныпта 45 бала оқуға мәжбүр. Олардың арасында Талғат Бекмамбетовтің де қызы бар. Оның үш баласы да осындай жағдайда білім алып жатыр. Талғат мырза тіпті 25 емес, 32 баланың өзін амалсыз норма санайтын сияқты.

Талғат Бекмамбетов, қала тұрғыны:

Неғұрлым 32-33 бала оқыған дұрыс па деп ойлайм да бір сыныпта. «Ж» сыныбында оқиды екен да менің қызым. Соған байланысты балаларда дұрыс білім ала алмайды ма деп ойлап қалам. Басқа мектепке көшірейін десек, ол жерде тасу мәселесі қиындап қалайын деп тұр маған.

Бұл мектепте оқушылардың толып отыруы үйреншікті көрініс. Тіпті, 2-сыныптағы оқушылар саны бірінші сыныптан да көп.

Арнагүл Маликова, 174 мектеп-гимназиясының директоры:

Былтыр 550 бала болса, биыл 450 бала қабылдап отырмыз. +31:35 Бұл мектеп негізі 1200-ге арналған. Қазіргі таңда 3900 оқушы оқып жатырмыз.

Міне, осындай білім ошағы жетерлік. Ал, жағдай мұнша ушықты десеңіз, негізгі себеп – Үкіметте үйлесімді жүйелі жұмыс болмаған. Әкімдіктер мектеп салудан кешігіп жатыр.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2017 жылы елімізде 3 млн оқушы болған. Ал, қазір 3 700 мыңға жуықтаған. Яғни, 5 жылда 18 пайызға артқан. Ал, 2017 жылы 7414 мектеп болса, былтыр 7550 болған. 4 жылда жаңадан 136 мектеп ашылған. Сонда оқушы саны 18 пайызға артса, мектеп саны 1,8 пайызға ғана көбейген.

Статистика бюросының мамандары туу көрсеткіші де жыл сайын артып жатыр,-дейді.

Дәурен Саңғылбаев, ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы:

2021 жылы дүниеге келген балалардың саны 446 мың бала дүниеге келді. Яғни, 2017 жылмен салыстырғанда ол +21,65 пайызға ұлғайды. Демек, енді 5 жылдан соң 1-ші сыныпқа 450 мыңға жуық бала барады. Нағыз тапшылық сонда болуы мүмкін. Оның алдын алу үшін президент 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды былтыр тапсырған. Ол қаншалықты іске асып жатыр?

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Біз 2021 жылы президенттің тапсырмасы шеңберінде 277 мектепті іске қостық. Ол мұның алдында ешқашан болмаған көрсеткіш. 25 жылға дейін жоспар 200-200 мектептен салу болған. Біз 270-260 мектептен салып жатырмыз. Сонда жалпы 1 мың мектепті салсақ, 1 млнға жуық балалардың орынын дайындап берсек, онда 3 ауысымдық проблемасы толығымен жойылады.

Біз үш ауысымды мектептер жойылады,-деп қуанамыз. Ал дамыған Еуропа елдерінде үш ауысым тұрмақ, екі ауысымды мектеп жоқ.

Рауан Кенжеханұлы, Bilim Media Group электронды білім беру компаниясының директоры:

Алдыңғы қатарлы 30 ел деп жүрміз, солардың ешқайсысында 3 ауысымдық не болмаса 2 ауысымдық мектеп деген жоқ. Біз енді совет заманында қалыптасып кетті. Мектепке балалар екі ауысымда бара алады. Сол бір норма секілді. Бірақ, ол норма емес.
Мысалы, Бельгияда әр сыныпта көп дегенде 20 бала оқиды екен. Олар күні бойы осында. Таңертең сабақ, түстен кейін өздерін дамытуға арналған үйірмелер. Елде 2 млннан астам бала болса, оларға 2200 мектеп салынған. Бельгия биыл Украинада барған 5 мың баланы да қабылдаған. Олар да осындай қолайлы жағдайда оқиды.

Миша Капкан, 7-сынып оқушысы:

Осында балаларға барлық жағдай жасалғаны ұнады. Оқуға, білім алуға қажеттінің бәрі бар. Біз сол мүмкіндіктерді пайдалануға тырысамыз. 

Ал бізде президент айтқан 1000 мектеп салынған күннің өзінде, білім беру сапасы артып кетеді дегенге сену қиын дейді, білім беру саласында бірнеше платформа әзірлеген Рауан Кенжеханұлы...

Рауан Кенжеханұлы, Bilim Media Group электронды білім беру компаниясының директоры:

Бүкіл білім беру жүйесін толықтай 1 ауысымға ауыстыру үшін 3 мыңдай мектеп керек боп қалады. Қазіргі 7 мыңның үстінде тағы қосымша. Бұл өте қымбат. Қажет десеңіз, ұлттық қордың ақшасы да жетпеуі мүмкін.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу ағарту министрі:

Келесі жылы бюджеттің жобасында да ешқашан бөлінбеген қаражат бөлініп жатыр.Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 5 есе көп қаражат бөлініп жатыр. Ол 500 млрдқа жуық қаражат. 

Тағы бір мәселе, жаңа мектеп салынғанымен, кейбірі бала толмай немесе ескіріп, жабылып жатыр. Апатты жағдайда тұрғандары қаншама.

Жайық Жұмабайұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас сарапшысы:

Апатты жағдайдағы мектептер саны 33 мектеп қана апатты деп танылды. Былтырғы жылы апатты мектептер саны 40-қа жуық болса, қазір 33 қалды. Және биылғы жылы жаңа 12 мектеп апаттың мектептер орнына салынып жатыр.

Рауан Кенжеханұлы, Bilim Media Group электронды білім беру компаниясының директоры:

Көп мектептерді біз ашығын айтқанда, апатты деген мәртебесін бермей отырмыз. Ондай шешім шықса оны жабу керек, бірақ жаба алмаймыз, орнына мектеп жоқ.

Хабарламаларға жазылу