Елорда мен Солтүстік Қазақстанда интернет-алаяқтар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда мен Солтүстік Қазақстанда интернет-алаяқтар ұсталды

03.09.2022

Елорда мен Солтүстік Қазақстанда интернет-алаяқтар ұсталды. Психология мен IT-технологияларды терең меңгерген топ мүшелері өзара рөлдерді бөліп алған. Біреуі алдап-арбаумен табыс тапса, екіншісі сол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектесетін адамдарды іздейді. Әдетте бұл қызметке жұмыс іздеп жүрген аңқау азаматтар мен бұрын сотталғандардың ішінен таңдалады. Полиция төлем карталарын осындай қызметке қолдануға бергендер де қылмыстың қатысушысына айналатынын ескертеді. Ұсталғандар Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларындағы изоляторларға қамалды.

Бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың 64-тен астам эпизоды анықталды. Келтірілген шығын сомасы шамамен 200 млн теңге.

Хабарламаларға жазылу