Қазақстандықтар: Президенттің идеясы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар: Президенттің идеясы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға мүмкіндік береді

02.09.2022

Президенттің биылғы Жолдауы экономикалық ахуалды жақсартуға бағытталған. Демографияның артуына оң ықпал етері сөзсіз. Қарапайым қазақстандықтардың пікірі осы. Жұрт әсіресе өскелең ұрпақты қолдау мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелерге айрықша қолдау білдірді.

БЛИЦ:

Шетелдік компаниялар егер 300 мың доллардан аса инвестиция құятын болса, ол инвесторларға 10 жылдық уақытқа визалық режимді бірден беруге болады деген сияқты. Бұл істер барлық дамыған елдерде болып жатқан үрдістер. Яғни мемлекет өзін үлкен корпорация ретінде сезіну керек. Және Президентіміз сол корпорацияның басшысы ретінде ақшасы бар адамдардың келуін қазіргі таңда қамтамасыз ететіндей Жолдауды жасап отыр.
Балаларға арналған қор жасақталады деген сөз маған өте ұнады. Кешегі Президенттің идеясы болашақта 10-15 жылдан соң қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға мүмкіндік береді және кедейшілікпен күрестің бірден-бір бастамасы деп түсіндім.
Мектепті қарап жатыр, мұғалімдерді, оқушыларды қарап жатыр. Жаңадан мектеп салу керек деп жатыр. Бәрі де жақсы, уақытымен орындалса.
Маған ұнағаны – студенттерге жатақхана береміз деп жатыр, баламыз оқуда еді. Сонысына рақмет.

Хабарламаларға жазылу